Нуклеин қышқылдарының маңызы Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ - жасуша ядросының хромосомасында (99%), рибосомаларда және хлоропластарда кездессе, ал РНҚ ядрошықтарда, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен дитоплазмада кездеседі.
Олар жасушаның қай бөлігінде шоғырланса, соған байланысты қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, ДНҚ организмдегі тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтайтын гендердің құрылыс материалы болып табылады. Ал РНҚ үш түрлі болғандықтан: рибосомдық (р-РНҚ); тасымалдаушы (т-РНҚ) және ақпараттық (а-РНҚ) әр түрлі қызметтер атқарады. ДНҚ мен РНҚ қызметтері 1940 жылдардан бастап анықталып, түрлі биологиялық тәжірибелер арқылы дәлелденген. Осы зерттеулер нәтижесінде молекулалық генетика ғылымы жедел дами бастады.
Соңғы жылдары ғалымдар жоғары организмдердің гендерін бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтарының организміне енгізуді іске асырылды. Соңынан оларды ақуыз синтездеуге пайдаланды. Мысалы, инсулин гені осылайша "жұмыс атқарады". Адам инсулині ең алғаш рет Е. соlі деген бактерияның көмегімен 1982 жылы алынды.
Осылайша бір типтегі организмнен алынған генді басқа типтегі организмге енгізуді гендік инженерия деп атайды. Жоғарыда айтылған инсулин, өсу гормоны — соматотропин, сондай-ақ гемофилия ауруына қолданылатын VIII фактор — гендік инженерияның өнімдері. Қазіргі кезде гендік инженерияның көмегімен түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар өндіріле бастады.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі М.Ә.Айтхожин жасушалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен ақуыздың) синтезі саласында өте маңызды зерттеу жұмыстарын жүргізді.
«Нуклеин кышқылдары» тақырыбы бойынша есептер
Қажетті түсініктемелер: • бір нуклеотидтің салыстырмалы молекулалык массасы 345
ДНҚ молекуласының тізбегіндегі нуклеотидтердің ара қашықтығы (бір нуклеотидтің ұзындығы) - 0, 34 нм
Чаргафф ережесі:
∑(A) = ∑(Т)
∑(Г) = ∑(Ц)
∑(А+Г) = ∑(Т+Ц)
1-тапсырма.ДНҚ-ның бір тізбегінің шағын бөлігінде нуклеотидтердің орналасу реті мынадай:
А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-Т-А-Т. Осы гендегі барлық нуклеотидтердің пайыздық мөлшері мен оның ұзындығын анықтаңыз.
2-тапсырма. ДНҚ молекуласында цитидилді нуклеотидтердің үлесіне 18% келеді. Осы ДНҚ-ның баска нуклеотидтерінің пайыздык мөлшерін анықтаңыз.
3-тапсырма.ДНҚ молекуласында 880 гуанилді нуклеотидтер анықталды, ол осы ДНҚ-ның нуклеотидтерінің жалпы санының 22%-ын құралды.
а) осы ДНҚ-да басқа нуклеотидтер қанша?
б) осы фрагменттің ұзындығы қанша екенін анықтаңыз?
4-тапсырма. Салыстырмалы молекулалық массасы 69000 ДНҚ молекуласы берілген, олардың 8625 аденил нуклеотидтердің үлесіне келеді. Осы ДНҚ-дағы барлық нуклеотидтердің мөлшерін табыңыз.