Жаңа тақырыпты меңгерту. Жаңа тақырыпты««Ойлан – жұптас -бөліс» әдісі» бойынша әр жұпқа оқулықтан тақырып бөліп береміз.
Оқушылар оқулықтан оқып, өз ойларын ортаға салып,өзара талдайды.
Элементтердің валенттілігі жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу Тапсырма 1: «Қар кесегі » әдісі арқылы берілген тапсырманы екі топ орындап, әр топ постер қорғайды
І топ – Мына қосылыстардағы марганецтің тотығу дәрежесін табыңдар:КМnO4;MnO2;Mn2O3; MnO.
ІІ топ – бөлшектердің электрондық формулаларын жазыңдар:S0; S-2;S+4;S+6 Дескриптор:1.Тотығу дәрежесін анықтайды
2.Электрондық формулаларын жазады
Тапсырма 2:«Өз орнынды тап» әдісі Теңдеулерді аяқтап,теңестіріңдер: І топ - CuSO4 + Zn---
ІІ топ –Zn +HCl ---
Дескриптор: 1.Теңдеулерді аяқтап жазады
2. Теңдеулерді теңестіреді
Тапсырма 3 «Есептер шығару» Теңдеу бойынша: NH3 + O2 = N2 + H2O көлемі 40л аммиакты жағуға қанша (қ.ж.) оттегі керек және қанша литр азот пен су буы түзіледі?
«Сұрақ жауап» әдісі бойынша жаңа сабақты пысықтау.
1.Тотығу,тотықсыздану деп қандай үдерістерді айтамыз?
2.Тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
3.Тотығу дәрежесі деген нені білдіреді?
4.Тотығу дәрежесін анықтау алгоритмі қандай?
БББ әдісімен бағаланады
«Бағдаршам» (Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі. Оқушылар:толықтай жауап берсе, сенімді болса жасыл түсті;түсінуге жақын болса, аздап білсе сары
түсті;түсінбесе, сенімді болмаса қызыл түсті көрсетеді
Мадақтау
«Бас бармақ» әдісімен бағалаймын
«Тапсырма»әдісі.
Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын қалыптастыруға, оны қорғауға және бірін –бірі тыңдауға мүмкіндік береді.
«Қарқын» әдісі.
Басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейтін және қосымша тапсырмаларды орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын
«Қорытынды» әдісі Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.