Сабақ тақырыбы Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер



бет3/5
Дата02.05.2023
өлшемі20,49 Kb.
#89105
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу.Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары әртүрлі жабдықтармен.

Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік.



Сабақтың ортасы



(Тәж,Ж)200-800 м кесіндіде осы кесінді үшін максималды жылдамдықтан 85-95% жылдамдықпен қарқынды аралық жүгіру. Тынығу аралығы, 90 с-тан 5 минутқа дейін жорта жүгіру. Осы сабақтағы жүгіру көлемі 800-1500 м негізгі қашықтықтан 2-3 есе көп.
(Тәж,Т, Ф)Оқушылар төзімділікті дамытуға бағытталған 2-3 бірізді қызметтерден тұратын жаттығулар кешенін әзірлейді. Мысалы, секірмемен секіру, содан кейін 20-30 рет еденнен кеудені көтеру және оны оқушыларға ұсыну. Егер оқушылар топта жұмыс істесе, топқа ұсыну.
(Б, Ж, К, Ф)«Шексіз эстафеталық жүгіру». Екі немесе одан артық команда қатысады. Жүрігу жолында бір-бірінен бірдей арақашықтықта, кезеңдерді сипаттайтын (100 немесе 200 м) бірнеше сызық сызады. Командалардың барлық мүшелері рет бойынша саналған. Тек бірінші кезеңде бірінші нөмірлердің артында соңғы нөмірлер тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлі ойыншылар екінші нөмірлі ойыншыларға жүгіреді және оларға эстафетаны береді, ал өздері олардың орындарында қалады. Соңғы нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылар өз кезеңдерінен шығу бойына, олардың орындарына тұрады. Екінші нөмірлі ойыншылар эстафетаны үшіншілерге, олар – төртіншілерге береді және т.с.с. Әрбір эстафетаны берген ойыншы оны қабылдаған ойыншының орнында қалады. Эстафета бірнеше рет қайталанады, қанша рет екенін мұғалім ертерек жариялайды.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.Үлкен бос кеңістік, ысқырық, арақашықтықты шектеуші фишкалар.
Төзімділікті тәрбиелеуге арналған ойындар бойынша интернет ресурсына сілтеме:
http://festival.1september.ru/articles/504677/
http://nashi-detochki.ru/igryrazn.php?id=11



Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:
Оқушылардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.
Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет