ІІІ. Үй тапсырмасы. Бос орынға қажетті сөздерді жазыңыздар:
1. Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
2. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін меню қатарынан формат → қаріп командасы орындалады.
3. Абзац параметрлерін қою үшін меню қатарынан формат → абзац командасы орындалады.
Информатикалық диктант (БОС ОРЫНҒА ҚАЖЕТТІ СӨЗДІ ЖАЗ) 1. Құжат мәтіні қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрлерін , яғни жоғары және төмен , сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою керек. 2. Ол үшін файл → беттің параметрлері командасы таңдалынады. 3. Бетке қосымша бөлуді орналастыру үшін курсорды жаңа бет басталатын жерге қойып, меню қатарынан қою → бөлу командасы орындалады. 4. Беттің нөмірлерін қою үшін қою → беттің нөмірлері командасын орындау қажет. 5. Колонтитул - құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет .
IV. Жаңа сабақ.
MS PowerPoint деген не? Көрме- Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Презентацияны жасақтауда келесі ұсыныстар ескерілгені жөн:
Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау;