«Конверттегі есептер» (Жеке жұмыс)
1-тапсырма (І - деңгей) 1 . Мотоцикл айдаушы 144 км жолды 2 сағатта жүріп өтті,оның қозғалыс жылдамдығын м/с бірлігіне айналдырыңдар. 2. Жаяу адам 20 секундта 30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағы да 30 секундта 45 м жол жүрді. Адамның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
(ІІ - деңгей) Атомобиль жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін (40 км) ол бір сағатта жүріп өтті. Автомобиль барлық жолда қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?
(ІІІ- деңгей) Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған?
Бағалау критерийі: Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алады.
Формулаларды түрлендіріп, деңгейлі тапсырмаларды орындай алады.
Есептің нақты шешімін таба алады.
Дескриптор: 1.Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алды. 2. Белгісіз шаманы берілген формуладан таба алды. Формулаларды математикалық түрлендіре отырып, соңғы жұмыстық формулаға жетті.
Есеп шешімі шықты және жауабы жазылды
ҚБ – жұлдызшалар тарату арқылы бағалау Оқушыларға қойылатын сұрақтар 1.Бірқалыпты қозғалыс деген не? Мысал келтір.
2.Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
3.Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?
4 Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?
5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?
6. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?
7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?