Бағалау критерийі: Шамалардың анықтамасын айта алады;
Қозғалыс түрлеріне мысалдар келтіре алады
Үй тапсырмасын бағалауға арналған дескриптор: Жол, орын ауыстыру шамаларының анықтамасын айта алды
ҚБ – «От шашу» әдісі 1 шапалақ- орташа,
2 шапалақ – жақсы,
3 шапалақ –өте жақсы
презентация
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіру. Жылдамдық, орташа жылдамдық шамасын енгізіп, формула, өлшем бірліктерін оқушылардан сұрау.
Есептер шығару.(тақтамен жұмыс) № 1. Теңдікті түрлендір: 36 км /сағ = 10 м/с ; 6 км/мин = 100м/с ;
54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с = 1 м/с ;
250см/с = 2,5м/ с ; 7,9 км/с = 7900м/с
І топ
а) Ақтау мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км , Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол жүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.
ІІ топ
б) Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.
ІІІ топ
в) 750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
Бағалау критерийі: Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алады.
Формулаларды түрлендіріп, тапсырмаларды орындай алады.
Есептің нақты шешімін таба алады.
Дескриптор: Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алды.