Сабақ тақырыбы: Виртуалды және кеңейтілген шындық. Виртуалды шындықтағы адам Шы­найы­өмір­ Реальная жизнь ­-­Real­life


Вир­туал­ды ­жә­не ­кеңейтілген ­шын­дық­ кө­зіл­ді­рік­те­рі­нің­­ адам­ның­ көру­ қабілетіне­ тигі­зе­тін ­зи­яны



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі25,96 Kb.
#128640
түріСабақ
1   2   3
Вир­туал­ды ­жә­не ­кеңейтілген ­шын­дық­ кө­зіл­ді­рік­те­рі­нің­­ адам­ның­ көру­ қабілетіне­ тигі­зе­тін ­зи­яны
Медициналық тұрғыдан алғанда, VR көзілдіріктерінің зияны компьютер мониторымен салыстырғанда өте әлсіз. Көзілдірікте көз бір нүктеде шоғырланбайды, ол әрбір қозғалысты бақылап, тыныштықта болмайтындықтан, виртуалды шындық көзілдірігі көз үшін аса қауіпті емес.
Алайда виртуалды шындық құрылғыларының қаупі өзгеде. Виртуалды әлемге шамадан тыс батқан адам кеңістікте бағдарын жоғалтады, бұл ағзаның вестибулярлық жүйесінің проблемаларына әкеледі. Сондықтан бас мониторларын күніне үш сағаттан артық қолданбай, әр жарты сағат сайын үзіліс жасау ұсынылады.
Вир­туал­ды ­шын­дық ­кө­зіл­ді­рік­те­рі­нің ­адам­ пси­хи­ка­сы­на зи­яны
Виртуалды шындық көзілдіріктері әр адамға әртүрлі әсер етеді. Ол адамның эмоционалды күйіне, жеке тұлға типіне және басқа да факторларына байланысты. Виртуалды шындық бас киімін қолдануда өте сақ болу керек. Себебі ол қабылдау қабілетін, ақыл-ой дамуындағы тежеулерге әкелуі мүмкін.
Әмбебап сақтық шаралары:
• жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және жүрек-қантамыр ауруларымен, эпилепсиямен, басқа да ауыр психикалық аурулармен ауыратын, көру қабілеті бұзылған адамдарға виртуалды шындықтан бас тарту керек;
• 13 жасқа дейінгі балаларға бас киімдерін қолданудың қажеті жоқ не ересектердің бақылауымен пайдалану керек;
• кез келген жастағы адамға ұзақ ойнау зиян, өйткені бұл көру-моторлы координацияға, тепе-теңдік қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.


3D панорама және виртуалды тур
3D панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°- тық бейнесі. 3D панорамада көру бағытын өзгертуге, суретті үлкейтуге, жеке бөлшектерді қарауға болады.
3D панораманың түрлері:
1. Жазық панорама – бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет.
2. Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен 360° және тігінен 180°-ты қамтиды. Ол айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°- ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шекараларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымалдау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет