Сабақ тақырыбы: Виртуалды және кеңейтілген шындық. Виртуалды шындықтағы адам Шы­найы­өмір­ Реальная жизнь ­-­Real­life



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі25,96 Kb.
#128640
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Виртуалды және кеңейтілген шындық. Виртуалды шындықтағы адам лекция


Курс тақырыбы: Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
Сабақ тақырыбы: Виртуалды және кеңейтілген шындық. Виртуалды шындықтағы адам


Шы­найы­өмір­– Реальная жизнь­–­Real­life
Вир­туал­ды­өмір­– Виртуальная жизнь­–­Virtual­life
Вир­туал­ды­тәу­ел­ді­лік­– Виртуальная зависимость­–­Virtual­addiction
Вир­туал­ды­тур­– Виртуальный тур­–­Virtual­tour
Сфе­ра­лық­па­ но­ра­ма­– Сферическая панорама­–­Sphericalpanorama
Қазіргі кезде технологиялар бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді, қарапайым компьютерлер үйреншікті, қажетті заттардың біріне айналды. Интернеттің пайдасы туралы білеміз. Адамдардың көпшілігі оны ақпаратты іздеу үшін ғана емес, сонымен қатар шынайы өмірден виртуалды әлемге өту үшін де пайдаланады.
Кейбір шынайы өмірде өз орнын таба алмаған адамның виртуалды өмірге ұмтылатыны кездесіп қалып жатады. Себебі виртуалды өмірді бағындыру әлдеқайда жеңілірек.
Бұл жағдай бүгінгі күні мамандар тарапынан тіркелген. Ол «виртуалды тәуелділік» (virtual addiction disorder) деп аталады.
Виртуалды әлемге жиі кірген адам өзінің кейіпкері рөліне еніп, шынайы өмірге оралғысы келмейді. Сондай-ақ адам уақыт сезімін жоғалтады және бейәлеуметтік болып кетеді.
Қатты дыбыстар мен суреттердің күрт ауысуы да геймердің жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде, тәуелділік пен ойындар психологиялық тұрғыдан жеке тұлғаны Мен – шынайы және Мен – виртуалды ретінде екіге бөледі. Мұндай жағдай кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қауіпті. Олар белгілі бір кейіпкері бар ойындарда ойнап, өзін жеке тұлға ретінде жоғалтып алуы мүмкін. Сонымен қатар мынадай бірқатар проблемалар да туындауы ықтимал:
өзін-өзі төмен бағалау;
• жанашырлық сезімінің болмауы;
• нақты өмірге апатия;
махаббат ұғымының болмауы;
• физикалық денсаулығына зиян келуі;
• орталық жүйке жүйесінің бұзылуы;
• психоздар, невроздар, ұйқысыздық және тағы басқалар
«Виртуалды тәуелділік» проблемасымен шұғылданушы мамандардың күш салуына қарамастан, олар ұсынған сипаттама ресми психиатриалық стандарттарға кірмейді.
Адам «виртуалды тәуелділіктен» зардап шегіп жүр деп айтуға болады, егер:
1) компьютер алдында өткізген уақытты бақылай алмаса (оны азайтуға, программадан шығуға уәде беріп, ол уәдесінде тұрмаса; виртуалды тәуелді адам, компьютер ойынына кедергі келтіретін адамдарға агрессия танытса);
2) ол компьютер алдында өткізген уақытқа қатысты жалған сөйлесе немесе немен айналысқаны туралы ақпаратты жасырса;
3) компьютер алдында отырып, уақытын зая кетірсе (мысалы, нақты өмірде жасалмай қалған маңызды істер).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет