Белгілеулерді қолдану Тұрақталған және сіздің сайтыңызға кірушәлерге түсінікті болатын сөздер мен терминдерді қолданыңыз. Бұл жерде пиктограммаларды қолдану орынсыз. Элементтерді, сілтемелерді және навигация элементтерін олардың белгігленуімен оранластыру керек.
Орындылық Сайттың бөлімдері осы бөлімге немесе сайттың үзіндісіне сәйкес келетін ақпараттар мен элементтерден тұруы керек. Бұл принципке жауап бермейтін элементтер басқа жерге ауыстырылуы немесе жойылуы керек.
Біркелкілік Сайтта бірегей навигация керек. Беттердегі бірдей элементтер бірдей көлемге ие болуы керек және бір орында болуы керек. Бөліктерге бөлу
адам бір уақытта ақпараттың үлкен көлемін сақтай алмайды. Бұл нақты бір уақыттта керекті ақпаратты сақтайтын қысқа уақытты жадының шектеулігіне байланысты. Адамдар төрттен жетіге дейінгі түрлі элементтерден тұратын ақпаратты қабылдауға мүмкіндігі бар. Сол үшін сайтқа кірушілер өздеріне керекті ақпаратты тез табады, егер олар құрамында төрттен жетіге дейінгі элементтерден тұратын топтарға бөлінсе. Адам жеті-сегізден көп емес пунктте өзін қолайлы сезінеді. Егер пункттердің көптілігінен құтылу мүмкін болмаса – қиын бөлімдерде ішкі құрылымдар құру керек.
Сайттардың мақсатына қарай жобаның негізгі бағытын анықтап, оған ақпаратты таңдауға болады. Жиналған ақпаратты ең маңыздысын белгілей отырып, оны құрылымдау керек. Сайттың жақсы құрылымдалуы оның сәтті құрылуының кепілдігі. Бұл этапта кеткен қателіктер кейін үлкен шығындарға алып келуі мүмкін. Болашақ сайттың құрылымын құруда барлық пункттерді бір бетке орналастыруға тырысыңыз.
Сайттарды жобалаудың ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады:
• Ақпараттың жеткіліксіздігі ;
• Адамдар веб-беттерді оқымайды, қарастырады;
• Қолданушылар баяу жүктелетін сайттардан қашқақтайды;
• Адамдар ақпараттың көп көлемінде қиын бағдарланады;
• Адамның қысқа ақытты жадысының шектеулігі;
• Монитор экранынан оқудың қиындығы.