Әлемнің қазіргі бейнесінің негізгі ерекшеліктері. Материя. Теориялық әлемде үш құрылымдық аймақты бөліп көрсетуге болады: микродүние, макродүние, мегадүние.
Микродүние: кеңістік аумағы 10-8 м және одан кіші; негізгі объектілері –молекулалар, атомдар және оларды түзетін элементар бөлшектер; өазар әрекеттесудің негізгі түрі –электромагниттік, күшті және әлсіз әрекеттер.
Макродүние: кеңістік аумағы 10-8-10-20 м; негізгі объектілері планеталар және олардың серіктері, Жер бетіндегі бізді қоршаған денелер, жұлдыздар және жұлдыздар жүйелері; негізгі өзара әрекеттесу түрлері – гравитациялық және электромагниттік әрекеттер.
Мегадүние: аумағы 1020 м және одан артық; негізгі объектілері галактикалар және метагалактикалар; негізгі өазара әрекеттесуі – гравитациялық және электромагниттік әрекеттер.
Материялық объектілердің құрылымдық элементтері – элементар бөлшектер, олардың арасндағы өзара әрекеттесулер объектердің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Элементар бөлшектердің маңызды қасиеті – олардың бір-біріне айнала алатыны, әрі өзара түрленулер олардың бөліктерге бөлінуі емес, шын мәнісінде бірінің жоғалып, екіншісінің пайда болуы.
Макродүние деңгейінде материяның негізгі екі түрін –зат пен өрісті бөліп көрсетуге болады. Олапдың айырмашылығы заттық объектінің жарық жылдамдығынан кем болатын кез келген жылдамдықпен қозғала алатына, ал өріс болса, тек белгілі бір жылдамдықпен –жарық жылдамдығымен ғана қозғалады.Заттық объектінің тыныштық массасы нөлден өзгеше, ал өріс үшін ол нөлге тең. Өріс пен зат бір-біріне түрлене алады.
Материялық объектілерге корпускулалық-толқындық дуализм тән.
Өзара байланыс және өзара әрекеттесу. Гравитациялық өзара әрекеттесу.