Сабақ тақырыбы: §



бет100/102
Дата28.11.2022
өлшемі18,15 Mb.
#53300
түріСабақ
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Саба та ырыбы тербелмелі контурда ы электромагниттік тербеліст

VI. Пысықтау
VII.Қорытындылау.
VШ Бағалау.
Үйге тапсырма: §12.5.

11-сынып.
Сабақ тақырыбы: Әлемнің осы күнгі бейнесі.
Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға әлемнің осы күнгі бейнесі туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Астрономияның даму процестері жайлы әнгімілеп беріңдер.

  2. Амтрономияда жаңадан ашылған соңғы жаңалықтар жайында әңгімелеп беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Физика дегеніміз – материяның ең қарапайым қозғалыс түрлері туралы ғылым.
Физиканың егізгі мақсаты – материя неден құралады деген сұраққа жауап беру.
Әлемнің біртұтас бейнесін жасамақ болып талпынған алғашықдардың бірі – Исаак Ньютон. Ньютон бойынша әлем қатты, салмақты ештеңені де өткізбейтін қозғалмалы бөлшектерден тұрады. Бөлшектрдің қозғалысы Ньютон ашқан негізгі қозғалыс заңдарына бағынады. Әлемнің механикалық бейнесінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңына, гравитациялық өзара әрекеттесуге үлкен орын берді.
Бірақ әлемнің механикалық бейнесі электромагниттік құбылыстарға билігін жүргізе алмады.
Дж. Максвелл электромагниттік әрекет өзара әрекеттің тіптен жаңа түрі екенін көрсетті.
Максвелл Әлемнің біртұтас электромагниттік бейнесін жасауға тырысты.
Бірақ табиғатта өтіп жатқан барлық құбылыстарды электромагниттік процесс деп қарастыру нәтиже бермеді.
Өзара әректтесулері электромагниттікке бағынбайтын бейтарап бөлшектер табылды. Өзара әрекеттесудің жаңа түрлері: күшті және әлсіз әрекеттесулер ашылды.
әлемнің денелерін түзетін атомдар барлық жерде бірдей. Атомдардың ядролары мен электрондарының арасындағы өзара әрекеттесу электромагниттік өріспен іске асырылады.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында бірнеше жылдың ішінде ескі көзқарастармен үйлеспейтін бірқатар жаңалықтар ашылды, олар жаңаша көзқарастарды талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет