V.Есептер шығару. №1.2.5, №1.2.6, №1.2.7
VI. Қорытындылау. VII.Бағалау. VШ. Үйге тапсырма: §1.2. Еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер.. №1.2.1, №1.2.2, №1.2.3 №1.2.4.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §1.3. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
Сабақ мақсаты: Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, тербелмелі процестер кезіндегі электр және механикалық шамалардың арасындағы сәйкестік туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Еркін тербелістер дегеніміз не?