VI. Қорытындылау. VII.Бағалау. VШ. Үйге тапсырма: §1.4. §1.5. Векторлық диаграммалар тәсілі. Гармоникалық тербелістердің графиктері. №2, №3, №4.
11-сынып. Сабақ тақырыбы:§1.6. Еріксіз тербелістер. Автотербелістер.
Сабақ мақсаты: Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, еріксіз тербелістер, автотербелмелі жүйе, оның негізгі элементтері, автотербелістер туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Векторлық диаграммалар тәсілі туралы айтып беріңдер.
Векторлық диаграммалар тәсілімен бастапқы фазаны қалай анықтауға болады?
Тербеліс амплитудасы мен бастапқы фазаны бастапқы шарттар арқылы өрнектеңдер.
Бастапқы фаза π/2 деп алып, идеал тербелмелі контур үшін зарядтың және ток күшінің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ. Автотербелістер – сыртқы периодты күштердің әсерінсіз-ақ жүйеде жүретін өшпейтін тербелістер.
Кез келген автотербелмелі жүйе мынадай бөліктерден тұрады: энергия көзі, тербелмелі бөлік, клапан.
Транзисторлы генератордың жұмыс істеу принципін түсіндіретін сызба:
IV. Пысықтау. Нақты тербелмелі контурдағы тербелістер неліктен өшеді?
Қандай тербелістер еріксіз деп аталады?
Автотербелістердің еріксіз тербелістерден айырмашылығы неде?
Автотербелмелі жүйе қандай негізгі элементтерден тұрады?