Сабақ түрі:аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Радиобайланыстың негізгі принциптері қандай?
Алғашқы радиоқабылдағыштың құрылысын сипаттаңдар.
Когерердің жұмыс істеуі қандай физикалық принципке негізделген?
Радиотелеграфтық байланыс қалай жүзеге асыралады?
Г.Маркони ашқан жаңалықтың маңыздылығы неде?
Модуляция деген не?
Амплитудалық модуляция деген не?
Модулятор қалай жұмыс істейді?
Детекторды қандай мақсат үшін қолданады?
ІІІ. Жаңа сабақ. Радио және телехабарларда, радиобайланыста, радиолокацияда, радионавигацияда қолданылатын электромагниттік толқындарды радиотолқындар деп атайды.
Радиотолқындар бірнеше диапазондарға бөлінеді:
Ультрақысқа толқынды байланыс таратқыш антеннаның тікелей көріну аймағында ғана жүзеге асырыладын
Қысқа толқындардың алыс қашықтыққа таралуы, оның Жер бетінен және ионосферадан бірнеше дүркін шағылуының арқасында болады.
Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оған дейінгі қашықтықты және оның кеңістіктегі орнын, қозғалыс жылдамдығын анықтау радиолокация деп аталады.
Радиолокатор импульстік түрде жұмыс істейді.
Радиотелескоптар арқылы шалғайдағы ғарыш денелері көрінбейтін кең диапазондағы электромагниттік толқындарды қабылдай отырып, әлемнің құрылысын зерттеу мүмкін болды.
Радиотолқындар арқылы нәрселердің бейнелерін алысқа жеткізуге болады. Телехабарды жеткізудегі басыт айырмашылық мынада: дыбыс сигналдарымен бір мезгілде өзінің бөлек тасымалдаушы жиіліг болатын бейне сигналдарды жасап тарату және қабылдау.
Видиконның құрылысы: