Көздің құрылысы:
Торламада кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға дейінгі қашықтыққа, яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты. Бұл бұрышты көру бұрышы деп атайды.
Көз бұршағының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің, оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиетін аккомодация деп атайды.
Егер көзге күш түсірмей параллель шоқтарды торламады жататын нүктеде жинаса, онда сау көз деп аталады.
Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп атайды.
Жақыннан көргіштікті түзету үшін ойы, шашыртақыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.
Алыстан көргіштіктің себебі –адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нәрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады.
Алыстан көргіштікті түзету үшін дөңес жинағыш менискілік линзалы көзілдірік киеді.
ІV. Есептер шығару. №4.11.8, №4.11.9, №4.11.10, №4.11.11.
V. Үйге тапсырма: §4.11. §4.12. №4.11.4, №4.11.5, №4.11.6, №4.11.7, №4.11.16.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
№... 11 «А» сыныбы ..............................
Зертханалық жұмыс №3.
Тақырыбы: дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.
Сабақтың мақсаты: дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Сабақ барысында оқушыларға эстетикалық тарбие беру.
Сабақ түрі: зертханалық жұмыс.
Сабақ көрнекілері: жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап, дифракциялық тор, жарық көзі. (жарық көзі,саңлауы мен сызғышы бар қалқа,дифраксиялық тор)
Сабақ барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |