11-сынып «Оптика» тарауы бойынша есептер шығару. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарауда алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ түрі:есептер шығару
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Өткен тарау бойынша алған негізгі түсініктер мен формулаларды еске түсіру. ІІІ. Есептер шығару. №1021. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 360. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар. (Ауаның сыну көрсеткішін 1 деп алыңдар.)
№1022. Шынының бетіне 450 бұрышпен түскен сәуле өзінің бастапқы бағытынан қандай бұрышқа аытқиды? Алмастың бетінен ше?
№1029. Сынған сәуле шағылған сәулеге пепендикуляр болу үшін сәуле шыныға қандай бұрыш жасап түсу керек?
№1042. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 340-қа тең болса, длағыл тастың сыну көрсеткіші қандай болар еді?
№1070 Периоды 0,01 мм дифракциялық тордан 3 м қашықтықтағы экранда алынған бірінші ретті спектрдің барлық (толқын ұзындығы 0,38-ден 0,76 мкм-ге дейінгі аралықта) ені қандай болады?
IV.Қорытыныдылау. V. Бағалау. VІ. Үйге тапсырма: №4.11. 10, №4.11.7, №4.11.11.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §5.1. §5.2. Механикадағы салыстырмалы принципі.Салыстырмалылық теориясының постулаттары. Жарық жылдамдығының шектілігі және ақырғылығы.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға Галилей түрлендірулері, салыстырмалы теорясының постулаттары туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.