Ядролық реакциялар үшін энергияның сақталу заңы:
Е01, Е02 – реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі жүйелердің тыныштық энергиялары;
Ек1, Ек2 – сәйкесінше олрадың кинетикалық энергиялары.
Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық энергетикалық шығуы деп атайды.
Егер ∆Е>0 болса, онда реакцияда энергия бөлінеді, тыныштық энергияларының есебінен реакция өнімдерінің кинетикалық энергиясы артады. Мұндай реакция экзотермалық деп аталады.
Егер ∆Е<0 болса, онда реакция кезінде энергия жұтылады, кинетикалық энергияның кемуі есебінен жүйенің тыныштық энергиясы артады. Мұндай реакция эндотермалық деп аталады.
Уран-235-тің бөліну реакциясы
1940 жылы Г.Флеров, К. Петржак уран ядросының спотанды бөлінуін ашты. Сыртқы әсерсіз-ақ, яғни уран ядросын нейтронмен атқыламасақ та, уран ядросы өздігінен бөліне алады.
ІV.Есептер шығару. № 8.7.1, №8.7.2, №8.7.3, №8.8.1, №8.8.2, №8.8.3.
V. Үйге тапсырма: §8.7. Ядролық реакциялар. Жасанды радиоактивтік.
§8.8. Ауыр ядролардың бөлінуі . №8.7.5, №8.7.6, №8.7.4, №8.8.4.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §8.9. Тізбекті ядролық реакциялар.§8.10. Ядролық реактор. Ядролық энергетика.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға тізбекті ядролық реакция, сындық масса, ядролық реакторлардың жұмыс істеу принципі туралы мағлұмат беру.
Өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор , слайдтар, электронлық оқулық.
0>
Достарыңызбен бөлісу: |