11-сынып. Сабақ тақырыбы: §12.4. Әлемдегі тіршілік пен сана.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға әлемдегі тіршілік пен сана туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассета.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Ғаламдардың спектріндегі қызыл ығысу нені көрсетеді?
Температурасы 3К болатын сәуле шығару аясы неге реликтивтік деп аталған?
Егер галактиканың қашықтау жылдамдығы 1000 км/с болса, ол галактикадан Әлемге дейінгі қашықтық қандай?
Тіршілік үшін су қажет, сондықтан тіршілік дамитын планета ұзақ уақыт бойы өзіндегі атмосфера мен гидросфераны ұстап тұруы үшін жеткілікті үлкен болуы қажет;
Атмосфера мен гидросыерада тіршілікке зиянды улы заттар болмауы керек.
Х. Шепли мынадай тұжырымға келді: миллиондаған планеталардың біреуінде өмірдің дамуына қолайлы жағдай бар және осы айтылған шарттарды қанағаттандырады.
Сана деген не?
Болжамдар:
Адамның санасы адам тілінің синонимі;
Сана адамдардың танымдық қасиеттерінің бірі болғандықтан, сананың дамуы әр түрлі дәрежеге жете алуы мүмкін және оның кемшілігі мен жетістігі бар;
Сана материядан тыс жоғарғы бір белгісіз күш арқылы пайда болады
Саналы өмір іздеудің тиімді жолы радиосигналдарды зерттеу.
Күн жүйесін зерттеудегі олқылықтарды жою үшін ғарышқа «Вояджер», «Кассини», «Улисс» және т.б. автоматты зондтары ұшырылды. Автоматты кеме «Вояджер-2» Жерден 1977 ж. 20 тамызда Канаверал мүйісіндегі ғарыш алаңынан ұшырылды. Ол Нептун планетасына 12 жылдан кейін жетті.
VI. Пысықтау. Планетада қолайлы жағдай туғанда тіршіліктің пайда болуы барлық жағдайда мүмкін бе?
«Сана» деген не?
Қазіргі ғарыш кемелері арқылы басқа жұлдыздарға саяхат жасау мүмкін бе?
Жердег тыс сана иелерімен байланыс жасау үшін қай дәрежеде дамыған сана иесімен байланыс жасаған дұрыс деп ойлайсыңдар: санасы бізден жоғары немесе төмен тұрғанымен?
Сығыла бастаған Әлемде тіршілік болуы мүмкін бе?
Жақын арадағы 100 жыл ішінде Жердегі цивилизация қалай дамуы мүмкін?