Сабақ Тақырып: Кондуктометрия


Орташа күшті қышқыл - күшті негіз



бет10/13
Дата27.04.2022
өлшемі157,69 Kb.
#32555
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ЗС 11

Орташа күшті қышқыл - күшті негіз. Бұл жағдайда титрлеу қисығының минимумы болады да, аналитикалық мәні бола бермейді. Титрлеудің бірінші сәтінде әлсіз қышқыл мен күшгі негізден түзілетін тұздың пайда болуы нәтижесінде электр өткізгіштік кемиді, өйткені бұл тұз жақсы диссоциацияланған және қышқылмен ортақ анионы болғандықтан, оның дисеоциациялануын басады, яғни сутек иондары конценграциясының кемуі басталады. Мұнан кейінгі сілтінің қосылуы тұздағы электр өткізгішгікті арттырады. Эквиваленттік нүктеден кейін ерітіндінің электр өткізгіштігі гидроксид иоидарының көбейіп кетуі салдарынан тез өседі.

Диссоциацияланбаған молекулалар (НА) концентрациясы монотонды түрде э.н.-гe дейін, кейде нөлге дейін төмендейді. Титрлеудің басында (Н+) иондарының конценфациясына тең болатын анион (А-) концентрациясы титрлеу кезінде э.н.-ге дейін өсіп, сосын тұрақты болып қалады, ал сутек ионының концентрациясы э.н.-де нөлге дейін төмендейді, ал калий иондарыныц концентрациясы титрант көлеміне сәйкес өседі.



Ерітіндінің меншікті электр өткізгіштігі э.н.-ге дейін әуелі төмендеп, сосын реакция барысында К+ мен А- иондарының саны артуына байланысты өседі. Әлсіз қышқыл ерітіндісіндегі H+ ионда- рының және оның тұзының концентрациясы аса жоғары емес, ал оның титрлеу барысындағы азаюы электр өткізгішке көп әсер ете қоймайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет