Сабақ Тақырып: Кондуктометрия


Кейбір иондардың қозғалғыштығы



бет7/13
Дата27.04.2022
өлшемі157,69 Kb.
#32555
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Кейбір иондардың қозғалғыштығы

Катиондар Қозғалғыштық Аниондар Козғалғыштық



Жеке және қосиада кездесетін заттарды кондуктометрлік әдіспен талдағанда, әр түрлі химиялық реакциялар пайдаланылады: бейтараптау, тұндыру, сулы және сусыз ерітінділерде кешенді қосылыс түзілу. Ерітіндідегі иондардың саны мен сапасы кондуктометрлік титрлеу кезінде өзгереді, сондықтан да титранпы белгілі бір уақыт аралығында тұракты жылдамдыкпен беру арқылы оның электр өткізгіштігін өлшей отырып, титрлеу барысын мұқият бақылайды. Әдетте. титранттың үлесін әлсін-әлі коса отырып, ерітіндінің электр өткізгіштігін өлшейді.

Ерітінді электр өткізгіштігінің титрант көлеміне тэуелділігі график арқылы кескінделеді. Алынған график кондуктометрлік титрлеу қисығы деп аталады. Қисықтың сынуы эквивалент нүктеге сәйкес келеді. Титрлеу кезінде ерітінді электр өткізгіштігінің өзгерісі әркез түзу сызықты бола бермейтінін ескерген жөн.

Титрлеу қисығының сызықты емес сипаты титрлеу процесі кезінде диссоциация дәрежесі немесе зат реакциясына қатысатын гидролиз дәрежесі өзгерген жағдайларда байқалады. Егер титранттың белгілі бір стандартты ерітіндісімен талданатын зат кондуктометрлік титрлеу нәтижесінде нашар диссоциацияланатын немесе аз полюсті қосылыс түзетін болса, онда бұл жағдай ерітіндінің электр өткізгііитігін едәуір азайтады. Титрлеудің соңғы нүктесіне кондуктометрлік титрлеу қисығындағы электр өткізгіштіктің төменгі моні сәйкес келеді. Реагентті одан әрі косу ерітінді өткізгіштігін арттырады. Мұндай қисықтар жоғарыда келтірілген реакциялардың бәріне де тән. Күшті қышқылды күшті негізбен, күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу қисығы, тұндыру реакциясы бұған мысал болады.

Кондуктометрлік титрлеу реакциясы жүргенде, яғни эквиваленттік нүктеге дейін және одан кейін титрлеу қисығында электр өткізгіштіктің өзгеруі салыстырмалы түзу сызықты болуы мүмкін. Осы түзу учаскелерді қиылысқанша экстрополюстей отырып, титрлеудің сонғы нүктесін табады, яғни екі түзудің қиылысы, осы ә.н. болады. Бұл жағдайда талдау дәлдігі қанағаттанарлық дәрежесіне жетеді.

Қайсыбір жағдайларда реакцияның мөлшерлі егуі титрлеу қисығының түзу сызықты болмауы кезінде де, мәселен, әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлегенде байқалады. Мұндай қисыктарды эквиваленттік нүктені графикпен анықтау ушін сиректеу қолдануға тура келеді, яғни оны э.н. манайында сызықтың түзу болатын учаскесі айқын көрінгенде ғана пайдаланады. Басқа жағдайларда мұндай қисықтарды электронды есептегіш машиналар (ЭЕМ) көмегімен өңдеу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет