Кондуктометрияның теориялық негізі Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі - осы ерігіндінің кедергісіне кері шама, әрі ол сыртқы электр өрісінің әсерінен еріген заттыіі электр тогын өткізу қабілетіне байланысты. Ендеше бүл эдіс электрдің негізгі заңдарының бірі Ом заңына бағынады:
I = Е / R
мұндағы I - ток күші, Е - потенциал айырымы, R - кедергі.
Кондукгометрияда өлшенетін шама ерітіндінің кедергісі немесе электр өткізгіштігі болуы мүмкін. Электр өткізгіштігінің бірлігі - кедергісі 1 Ом өткізгіштің өткізгіштік қабілеті.
Электролит ерітіндісінің электр өткізгіштігі - сыртқы кернеу көзі әсерінен заттың электролиттік диссоциациялануы және иондар қозғалуының нәтижесі. Электр тогы өрісінде ерітіндідегі қозғалған иондар еріткіш молекуласы және өзін қоршаған кері зарядталған иондар тарапынан тежеу осеріне ұшырайды. Бұл әсер релаксациялык және электрофореттік эффект деп аталады, ал бұл тежеудің нәтижесі ерітінді кедергісі болып табылады. Сөйтіп, ерітіндінін электр өткізгіштігі негізінен миграциялық иондардың санымен және жылдамдығымен (қозғалғыштығымен), оларды тасымалдайтын заряд санымен анықталады. Электр өткізгіштік температураға және еріген электролит пен еріткіштің табиғатына тәуелді.
Электролит арқылы ток өткенде, оң зарядталған болшекіер катодка (теріс зарядталған электродқа), ал теріс зарядталған бөлшектер анодқа (оң зарядталған электродқа) қарай жылжиды. Демек, электролиттегі әрбір зарядталған бөлшек электр өткізгіштік сияқты жалпы процеске қатысады.
Электролит ерітіндісі - үш өлшемді өткізгіш. Ал кез келген ерітінді кедергісінің шамасы ұяшықтың құрамына, материалына, шамасына және электродтардың кеңістіктегі орналасуына тәуелді.
Барлық белгілі және табиғатта кездесетін немесе қолдан жасалған өткізгішгер олар арқылы электр тогы өткен кездегі электрдің тасымалдану механизміне тәуелділігіне қарай үш топқа бөлінеді : электрондык, иондық, аралас.
Достарыңызбен бөлісу: |