Сабақ Тақырып: Микробқа қарсы химиопрепараттар. Жұқпалыаурулардың иммунотерапиясы және иммунопрофилактикасы. "Иммунобиологиялықжәнемикробқақарсыпрепараттар". СоөЖ тапсырмалары


Стерилизацияның механикалық тәсілі – фильтрация



бет6/17
Дата05.05.2023
өлшемі54,81 Kb.
#90015
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ñàáà? Òà?ûðûï Ìèêðîá?à ?àðñû õèìèîïðåïàðàòòàð. Æ??ïàëûàóðóëàðäû

Стерилизацияның механикалық тәсілі – фильтрация. Қолданылатын объектілер: термолабильді суда еритін дәрілік субстанциялар, термолабильді парентеральді дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Басқа әдістермен (әсіресе термолабильді ерітінділер) зарарсыздандыруға болмайтын ерітінділерді (мысалы: қоректік заттар, буферлер) және дәрілерді зарарсыздандыру үшін қолданылады. Бұл мақсатта бактериялық сүзгілер қолданылады-сүзгілердің мөлшері бактериялардың мөлшерінен аз болуы керек

СӨЖ тапсырмалары:
1.Әдебиеттермен жұмыс істеу және "Фармацевтикалық өндірісте әр түрлі объектілерді стерилдеу әдістері мен режимдерін таңдау" эссесін жазу
Стерилизация түрлері:
Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.
Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.

  • Жоғары температурамен стерильдеудің бір түрі – бөлшектеп стерильдеу.Стерильдеудің бұл түрі 100С-тан жоғары температураға шыдамайтын материалды өңдеуге қолданылады. Су моншасында оларды 80С-та 30-60 минут бойына қыздырады, нәтижесінде бактериялардың вегетативті түрлері жойылады.

  • Жалпы алғанда жылулық стерилизация – тиімді, экологиялық қауіпсіз, арзан және жақсы бақыланатын тәсіл. Бірақ та заттар жоғары температурада бұзылатын болса, оны қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда басқа тәсіл қолданылады.

Стерильдеудің химиялық түрі– токсикалық газдарды, этилен оксидін, этилен тотығы мен бромды метильдің қоспасын және формальдегидті қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл заттар алкилдеуші агент ретінде микроорганизмдердің ДНҚ, РНҚ-сын, ақуыздарын, ферменттерінің активті топтарының белсенділігін жояды.

  • Соңғы кезде медициналық практикада оптикалық қондырғылармен жабдықталған термолабилді материалдардан жасалған құралдар кеңінен қолданылатындықтан, мысалы эндоскоптар, оларды химиялық ерітінділер көмегімен залалсыздандырады. Тазалап және дезинфекцияланған приборлар белгілі уақытқа стерильдеуші ерітіндіге салынып, кейін стерильді сумен жуылады.Одан соң стерильді сүрткішпен құрғатып, стерильді ыдысқа салады. Барлық манипуляция асептикалық жағдайда, стерильді қолғаппен жүргізіледі. Бұл заттарды 3 тәуліктен аса сақтамайды.Стерильдеуге арналған химиялық заттар қатарына сутегі тотығы мен « Дезоксон-1 » ерітінділері жатады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет