Оқиға айту. «Мен оны пір тұтамын» әңгімесін оқу. (2 топ бір-біріне сұрақ қояды). Сұрақ қою.
1. «Отбасы бақыты» дегеніміз не?
2. Мұраттың отбасына қандай қиындық түсті?
3.Қиындықты жеңіуне не себеп болды?
4.Мұраттың бойында қандай қасиеттер бар?
5. Жақсы отбасы, адал жар болуы үшін адамға не қажет деп ойлайсыздар?
Жұмбақ оқиға: «Болашақ» бағдарламасымен шет елге оқуға кеткен екі Қазақтың жігіті оқу біткен соң , сол жерден жұмыс табылып,қалып қояды. Бірнеше жылдар өткенде екеуі өз елдеріне барып қайтпақ болады,бірақ біреуінің жұмысы шығып қалып Қазақстанға бара алмайтын болады.Қасындағы досына айтады : «менің отбасыма бар,олар маған 3 зат беріп жібереді.Соны ала келші» дейді.
Сол үш зат ,қандай нәрсе?
сұрақтар қою:
1.өздерің туған жерлерің жайлы не айтасыңдар?
2.туған жерлеріңнің ерекшелігі неде?
|