ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)
Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында оқушылар назарын әдеп нормаларын сақтауга аудартады.
Сіз өмірде қандай әдеп қагидаларын ұстанасыз?
Қазақ халқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?
Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма?
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларга жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімесін оқып береді.
СТУДЕНТ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Ж. Бейсенбаев
...Жақында мынадай бір жайға жолықтым. Оқудан автобуспен қайтып келе жатыр едім, аялдамадан екі-үш жігіт мінді. Әп-әдемі жігіттер. Өздеріне өздері ұқыпты қарайтын жандар екені байқалады. Олар автобусқа кірген бойда орта тұстағы мен отырған орындықтыү қасына келіп тұра-тұра қалды. Байқауымызша, ішіп алған болулары керек, өздерін көңілді сезінеді. Қарап тұрған жоқ, аздан соң маған сөзбен тиісе бастады. «Қарындас, есіміңіз кім? Таныс болайық..» Әр нәрсені бір айтады. Орынсыз күледі.
Мен өз аялдамама жеткен соң түсіп қалдым. Сөйтсем, әлгі жігіттер менімен бірге ілесе түсіпті. «Баратын жеріміз бір екен ғой, қарындас», - дейді. Айнала қараңғылық бүркеп қалған кез. Үйге қарай жүре берейін деп едім, жолымды кес-кестеп жіберер емес. «Бізбен бірге жүріңіз, сізді қонаққа шақырамыз,» - дейді.
- Бәріміз жас адам емеспіз бе, көңіл көтеруге қарсы болмассыз, музыкамыз, ішімдігіміз бар». Біреуі білегімнен қатты ұстап алыпты. «Рақмет, бармаймын, жіберіңіздер», - дедім. Бірақ олардың босататын ыңғайы жоқ. Шыдай алмадым, қыстығып жылап жібердім. Содан кейін ғана олар қолымды босатты. Үйге қарай жүгіре жөнелдім. Артымнан қарқылдап күліп жатыр.
Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды?
Қогамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?
Жаңа ақпарат
Оқулықтагы жаңа ақпарат адамдардың қогамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін үстау әдебі туралы оқушы білімдерін ныгайта түсуіне көмектеседі.
Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарлардаөзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру монері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.
Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық мӘдениеттілігі бағаланады.
|