Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет174/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   191
Байланысты:
9 сынып 218-2019

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау


ІІ. Дәйек сөз.

Инабат - ердің азығы,
Бақыт пенен дәулеттің
Ұстайтұғын қазығы. (Қ. Әбубәкір)





ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

 1. “Әдептілік – адамгершілік бастауы”дегенді қалай түсінесің?
2. Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
3. Әдепті адам бойында қандай қасиет болуы қажет?
Әдептілік әліппесі
Н. Шакузадаұлы
.. Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады.
Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады.
Бұл жол - әдептілік жолы.
Ал, әдептілік адамның ішкі жан дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет - әлпетінен, сондай - ақ тұлға -
мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам - өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады. Бұл да әдептілікке байланысты. Себебі адамды әдептілік басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей, өзінің барлық іс - әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда, мінез - құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда, өзін - өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.
Ой толғаныс
• Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?
• Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет