Топпен ән айту. «Еңбекке кел, қалқатай»
Кім сүйеді еңбекті, мен сүймесем,
Ту қададым тың жерге қол тимеген.
Жалқауланбай алыстан, ортаға кел,
Кім бар екен еңбекке бас имеген.
А - ей, күрегімді қолға алып,
Би билейін қуанып
Еңбекке кел, қалқатай,
Білегіңді сыбанып. 2 рет
Еңбек десе өзіңе тең келмеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Біз болар ек сендейді ескермеген
А - ей, күрегіңді қолға алып
Би билейін қуанып
Еңбекке кел, қалқатай, 2 рет
Білегіңді сыбанып.
|
Сөзі: Т. Ысмайлов, Г. Сабиолдина
Әні: С. Мұхамеджанов
|
Үй тапсырмасы.
Еңбек – өмір мәні шығарма жазу |
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |