Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет42/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   191
Байланысты:
9 сынып 218-2019

2)Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен жақсылық жасай аламын» шығарма жаз



Сұрақ:   

  • Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жақсылық жасау деген не?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

  • Жақсылық жасау адамға қандай көңіл-күй сыйлайды?

  • Дұрыс әрекет құндылығының жақсылық жасаудағы маңызы.




ІІ. Дәйек сөз.

Биiк төбeгe шықcaң,
Kөзiң aшылaды.

Жaқcымeн cөйлecceң,
Kөңiлiң aшылaды.
 

M.Әлiмбaeв.

ІІІ. Мұғалім сыйы. Аңыз әңгіме

Бір диуана ел аралап шаhардан шаhар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді екен. Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»- деген мақал болса керек. Күндердің күнінде есік алдында ерігіп тұрған кербез әйел келе жатқан диуананы көріп: «О жаман неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Мынаны же де, қатып қал» -деп у қосып пісірген бір таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынға салып алған диуана ел аралап, жұрттың қол қайырын алып жүре береді. Бір күні ол жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді. Керуен соңында жаяулар бар еді. Керуен жақындап диуананың қасына келіп тоқтайды. – Е диуана жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, азық таусылып біздің күніміз қиын болды. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы-балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе болса бер -дейді. Қайырымды диуана қоржынынан бір таба нанды алып екеуіне бөліп береді. Неше күн бойы нәр татпаған олар нанды қомағайлана жей бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі әкесі одан кейін бала құлайды. Неше күн жол азабын бірге көріп келе жатқан ер азаматтардың ауыр халге ұшырағанын көріп ,керуеншілер диуананы бас салып ұрғылай бастайды. –Уа қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтадыңдар, мен ел берген қайыр-садақаны алып жүре бердім, кімнің не бергенін қайдан білейін бірақ осы таба нанды берген үйді білемін. – Жүр баста бізді сол үйге апар. Диуана нан берген үйді көрсетеді. Керуеншілерді көріп далаға жүгіріп шыққан сылқым әйел, әл үстінде жатқан күйеуі мен жалғыз баласын көріп, өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Әйелдің жазықсыз жанға жауыздықпен жасаған әрекеті өз алдына келеді. Міне «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал осыдан қалған екен.

Сұрақ: 1.Әйелдің жаман ниеті қандай нәтиже берді?

2.Қайырымдылық пен мейірімділіктің мәні неде?

3. Істеген ісің өзіңе қайтып келеді дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Жaқcылық пeн жaмaндық бipгe жүpeдi мe?


5.Жaқcылық пeн жaмaндықты тaғы нeмeн caлыcтыpyғa бoлaды?
6.Жақсылық жасау дұрыс әрекет құндылығының маңыздылығы.



Жaқcы қacиeттepдiң қaлыптacyынa жәнe жaмaн қacиeттepдi бoлдыpмayғa әp icтeн өздepi қopытынды жacaй бiлyгe үйpeтy.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет