5.Мұғалімнің сыйы. Оқиға айту Кім бақыттырақ
Бірде екі ағайынды бәстеседі.
Кішісі:«Мен өз еңбегіммен байып, бақытты боламын», - дейді.
Ағайындылардың әңгімесін еңбекқорлық пен сәттілік естіп, олармен бірге тұруды шешеді. Еңбекқорлық інісінің үйіне, ал сәттілік ағасының үйіне барып тұрады.
Інісі тынымсыз еңбек етеді. Өзіне үй салады, үлкен бақ өсіріп, үйленіп, ұл өсіреді. Ағасын сол кезден көрмепті, оның байлық тауып, қалада тұратынын естіпті. Ұлы үйленетін кезде, ол ағасын тойға шақырады. Қаладағы үйін тауап, темір қақпасын ұзақ қағады.
Бір кезде кәрі, бүкірейген шал шығады. Інісі ағасын әрең таниды.
- Сен соншама қандай қасірет қартайтып жіберді?- деп таң қалады інісі.
- Қайғы емес, алаңдаушылық,- дейді ағасы. Сәттілік мағанбір сандық алтын сыйлады.Оны ұрылар мен көре алмаушылардан сақтау өте қиын болды.
- Естуімше, сен де кедей емессің, ал сен байлығыңды ұрлап кетеді деп қорықпайсың ба? – дейді ағасы.
- Еңбекпен тапқан байлықты ешкім ұрлай алмайды,- дейді інісі жымиып.
Қандай жолмен келген байлық адамға бақыт сыйлайды?
Шынайы бақыттың мәні неде?
Өмірде қандай адамдарға еліктеп, ұқсауға тырысуымыз керек екен?
Өздерің өмірде сәттілкке сенесіңдер ме, әлде өз еңбектеріңе ме? Неліктен?
|