6.Топпен ән айту. «Көңіл көктемі»
Сөзі мен әнін жазған М.Ыбыраев
7.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 26 беттегі Р. Пернеханқызының«Қателіктің арты өкініш» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
Сабақ мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - өмірдің адам үшін маңыздылығын жан – жақты ашу;
дамытушылық: - өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету:
Тәрбиелік: - өмірді бағалауға тәрбиелеу.
Ресурстар (материалдар, дереккөздер)
Өмір туралы мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, өмір туралы ақын жазушыларымыздың ой тұжырымдары жазылған плакаттар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру. 9 беттегі Файзуллаұлының «Өмірдің мәні» ертегісін оқып келу берілді. Оқушылардан ертегіні сұрап, сұрақ- жауап арқылы білімдерін қорытындылау.
Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндірді?
Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңіз?
Оқушы дәптеріндегі 1 – тапсырманы тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |