Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық



бет152/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   191
Байланысты:
9 сынып 218-2019

Топпен ән айту.

Ақ көгершін Сөзі Н.Баймұхамедов.

Әні А.Жұбанов.

Ақ көгершін , көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан ,

Бақыт құсы болсын деп

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы.

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

Қайырмасы.






  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 82- бетінде берілген репликаларды басқаша, сыпайы мазмұнда ауыстырып, жазып келу.




  1. Соңғы тыныштық сәтi.

а). Оқушылар көздерін жұмып отырып, сабақтан үйренгендерін естеріне алып, бүкіл әлемге тыныштық, бейбіт өмір тілейді.

ә).Сабақты аяқтау: мұғалім «Шоқжұлдыздар» кескіндемесін пайдалана отырып, ой тұжырымдайды: Дүниедегі жақсылық атаулы-адал қарым-қатынастан басталады. Қараңғы түнде адасқан адам Темірқазыққа қарап, жол тапса, өмірде бәрімізге жол нұсқар шамшырақ – Темірқазығымыз: адалдық, әділдік, шыншылдық болсын! Рахмет!




 Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: ___________________ Мерзiм:________________№ 16 сабақ

Тақырып: Адалдық адамдықтың белгісі

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, шыдамдылық

Мұғалiм: ____________________________ Сынып «9а» Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпыадамзаттық ақиқат

Қасиеттерін ұғындыру.

Міндеттері :

-Оқушыларға адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы

маңызын ашу.

оқушылардың бойындағы шыншылдық,адалдық,әділдік



қасиеттерін ашуға ықпал ету.

Шындықты жалғаннан ажырата білуге,әділ шешім қабылдауға,



cенімділікке,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

  1. Сабақтың барысы :

1 Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын, неғұрлым көбірек босаңсып сабырды болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарй беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіпдалаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәіктігімен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және иісін жұтыңыз.Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер гүлдермен ағаштардың иісі құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңын. Орманға ендей түсіңі, қараңызшыы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз., жапырақтардың ызыңын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезініеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңызда оның діңінен құшақтаңыз. Оның қуатталығын сезініңіз., ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғыннуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз, және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз.Келген жолыңызбен кері қайтуға ыңғайланыңыз. Жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдынада келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз. Осы жым-жырттық тыныштық, қанағат сезімін сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып күлімдеңіз!…



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет