Керемет сегіздік
Әртүрлі суреттермен белгіленген ұяшықтарды оқушылар таңдап алады. Ондағы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. «Дұрыстық» сөзінің мағынасы
2. «Қысқалық» сөзінің мағынасы
3. «Айқындық» сөзінің мағынасы
4. «Орындылық» сөзінің мағынасы
5. «Әрлеу» сөзінің мағынасы қандай?
6. Адамның жас ерекшеліктеріне қарай сәлемдесудің түрлерін ата.
7. Күн мезгіліне қарай сәлемдесу түрлерін ата.
8. Сәлем – сөздің анасы…дегенді түсіндіріңіз.
Оқушылар пікірлерін тыңдау. Ойды қорытындылау.
Түйіндеме:
1.Дұрыстық дегеніміз-айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді.
2.Қысқалық дегеніміз-мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады.
3.Айқындық дегеніміз-ойдың мазмұнын дұрыс бере білу.
4.Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау.
5.Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
6.Жасы кішілер ақсақалдармен «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып, амандасады.
Жасы үлкен аналарға, әжелерге Сәлеметсіз бе?, Амансыз ба? деп айту қалыптасқан.
7.«Қайырлы таң», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп адамдар жымия амандасуға тиісті.
8. Қазақтар бір-бірімен амандық сұрасқанда мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрайды.Келген жерінің қандай қабақпен отырғанында осы амандасу үстінде болжап алады.Келген жұмысының жәйін аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек.
Жаңа ақпарат
Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу мен өзара түсінісу болып табылады.Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген жөн. тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді болады.Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуіболатындығын естен шығармаңыздар.Қандай шиеленіскен жағдайлар болмасын, эмоцияға беріліп, қызулықпен іс-әрекет етпеңіздер.Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін.Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болатын шешім табу.
Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. Яғни, ашуды – ақылға жеңдіре білген адам кез – келген кикілжіңдерден аулақ болады.
|