Сабақтың мақсаты: оқушыларғасалауатты өмір салты туралы әңгімелей отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
адамзатқа кешірімді болуға үйрету ;
адамға, табиғатқа, қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.
адамдарға, қоршаған ортаға адалдықпен қарау дағдыларын дамыту
Ресурстар:үнтаспа ,қоржын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi.
2)Үй тапсырмасын тексеру.
Ә. Кекілбаев «Әлди» әңгімесін оқып талдау
Тақырыпқа байланысты сұрақ:
Осы әнгімеде әлди мен әсемдіктің байланысы неде?
Әлди бөлеген әсем сезімдерді атап бере аласыздар ма?
Тағы басқа қандай өнер түрлері сізді әсемдікке бөлейді?
Ал, сендер әсемдік сыры неде деп ойлайсыңдар ?
Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңдер ?
Не үшін табиғатты әсемдікке балайды ?
Адам өмірінің сұлулануына табиғаттан басқа тағы нелер ықпал етеді ?
Сабақтың барысын талқылау:Оқушылардың емін-еркін дұрыс отыруын қадағалау
ІІ.Дәйексөз
А.П.Чеховтың «Адам бойындағының бәрі де-бет-пішіні де,киім-киісі де, жан дүниесі де,ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс»-деген дәйексөздің мағынасына мән беру.