V.Топпен ән айту
Ән «Сен сұлу»
|
Сөзі
Шәмші Қалдаяқов Әні Мақсұтбек Майшекиндікі
|
VІ.Үй тапсырмасы
7 сабақтағы Аңыз әңгімені оқи отырып еңбектің адам өмірінде маңызы туралы түсініп келу.
|
|
VІІ.Соңғы тыныштық сәті.(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкіл әлемде)
|
|
Ең әдемі гүл
Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.
Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.
Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды.
Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді.
Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді.
Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.
Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек.»
Мектеп: Ст Шамалған ҚОМ Мерзiм:____________ № 7 – сабақ
Тақырып: Еңбек өмір мәні
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік,тиянақтылық, еңбекқорлық
Мұғалiм: Кушкумбаева Перизат Сынып «9 «В», «Е», «Д» Оқушылар саны
Достарыңызбен бөлісу: |