Ерте жастан еңбекке үйренген адамның ерекшелігі қандай?
Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?
Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?
Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
ІІІ.Дәйек сөз.
Еріншектік- дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады.»
Абай Құнанбаев
ІҮ. Мұғалім сыйы. Сиқырлы жүзік
Бiр кедей күні бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.
Бүркiт қанатын қағып - қағып қалады да, кедейге:
- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр - ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, - дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда - қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк - терезесiн мықтап бекiтiп алып:
- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы - берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:
- Аллаһ бiзге рақым еттi, ендi, біздің қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi. Әйелi:
- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз - ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.
Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:
- Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?
Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:
- Бұрын сен Аллаһ Тағалаға жалбарынып, тiлек етушi едiң. Аллаһ тiлегiндi бердi. Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап - шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба?- дейдi. Сонда егiншi тұрып:
- Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақтар күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi - зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының бiрiне айналады. Жылдар зуылдап өтiп жатады, адал еңбекпен өмiр сүрген егiншi де өмiрден өтедi. Жерлейтiн кезде немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып:
- Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. өзiмен бiрге кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi.
Аңыз әңгімеге байланысты сұрақтар:
Аңыз әңгімеде не туралы айтылған?
Кедейге алтын жүзік қайдан пайда болды?
Зергердің айласының ақыры неге жеткізді?
Кедейдің бақытты да бақуатты отбасы болуына не себеп болды?
Кедейдің өмір сүруінде сақинаның сиқырлығы маңызды рөл атқарды деп ойлайсыңдар ма?
Өздерің жетістікке жетуде не ықпал етуі мүмкін?
Еріншектік қасиет адам өміріне қалай әсер етедә?
Өзің еңбексүйгіштік қасиетіңді қандай әреткеттен байқайсың?
ҮІ.Шығармашылық жұмыс
1 топ: «Еңбек түбі береке» өлең құрастыру
2 топ: «Еңбекпен бақыт егіз» постер қорғау
3 топ: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей» талдау
4 топ: «Бүгінгі істі ертеңге қалдырма» шығарма жазу
Оқушы ойларын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында шығармашылық жұмысты қортындылап, еңбексүйгіштік пен жалқаулықты салыстыра отырып,еңбек қуанышымен еңбек жетістігінің мәнін ашу