Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық


ІІІ. Мұғалім сыйы. «Еңбекке құрмет көрсету» видео ролик қарау



бет30/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   191
Байланысты:
9 сынып 218-2019

ІІІ. Мұғалім сыйы. «Еңбекке құрмет көрсету» видео ролик қарау

Әке мен Бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
      — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

 Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші үсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяндап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рети іліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

   — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндін, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мүнан былай есінде болсын: аз жұмысты киынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.



Тақырыпқа байланысты сұрақтар:

  • Әкесіне баласының қандай әрекеті көңілінен шықпады?

  • Не себептен әкесі шиені жерге түйірлеп тастап отырды?

  • Әкесі баласына, «Аз жұмысты киынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың» деп нені түсіндіргісі келді

  • Осы оқиғадан тыңдай отырып, өз іс-әрекеттеріңде ұқсас жағдайлар естеріңе түсті ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет