Интерфазалық хромосомалар деспиральданған күйде болады. Эукариот
жасушаларындағы
хромосомалардың
жекеленген
фрагменттерінің
спиральдану дәрежесі әртүрлі болады, ядро хроматиндерінің жиынтығы
біршама босаңсыған жіпше және түйнектелген түрде болады.
Кариотипті анықтау үшін митоз кезінде жинақталған, конденсацияланған
(метафазалық хромосома) хромосомалар белгілі бір пішінге ие болады,
оларды осы сатыда зерттеу біршама жеңілдік тудырады.
Митоздың маңызы:
1. Жасушадағы генетикалық тұрақтылықты (хромосомалар санының
тұрақтылығын );
2. Митоз нәтижесінде жасуша саны көбейіп ағзаның өсуін;
3. Жасушаның орнын толықтыру митоз арқылы іске асады және
регенерацияны;
4. Ағзаның кариотипін (метафазада) анықтауды;
5. Жыныссыз көбеюді
қамтамасыз етеді.
Жасуша пролиферациясының реттелу мен бақылану механизмдерінің
бұзылуы патологиялық ауытқуларға әкеледі:
-
жасушаның бақыланусыз бӛлінуіне (ісік жасушалары) немесе көбеюдің
немесе бөлінудің тоқтау себебінен жасуша санының азаюы, ұлпалар мен
мүшелердің атрофиясы, қартаю үдерістері жүреді;
- хромосомалық мозаицизм — зиготаның бөлшектену сатысында митоздың
дұрыс жүрмеуінен хромосомалардың дұрыс ажырамауы жүреді. Мысалы,
митоздық бөлінуге түскен зиготадағы жасушалардың біріндегі 21-ші
хромосоманың біреуінің түсіп қалуы салдарынан келесі бөліну хромсомалар
санының ауытқуымен жүреді, мозаикалық 46/47,+21 жасуша пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: