ядроның бөлінуін цитокинез аяқтамайды, сондықтан, амитоз нәтижесінде көп
ядролы жасушалар пайда болады. Амитоз қабыну үдерісінде, ісіктерде және
кейбір қарапайымдылардың бөлінуінде кездеседі.
Тірі ағзаларға тән негізгі ерекшеліктің (қасиеттің) бірі – көбею.
Көбею
үдерісінде генетикалық материалдың ұрпақтан келесі ұрпаққа берілуі тек
белгілі бір түрдің белгілерінің қайта жарыққа шығуын ғана қамтамасыз етіп
қоймайды, сонымен қатар нақты сол дараның өзінің ата-аналарына тән айқын
белгілерінің де
жарыққа шығуын, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты,
жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Мейоз – жыныс бездерінде ерекше сомалық жасушалардың бөлінуінің
нәтижесінде хромосомалар санының азайып (редукция)
және жасушаның
диплоидты жағдайынан гаплоидты жағдайына ауысуын қамтамасыз ететін
бөлінудің түрі - гаметогенездің негізгі сатысының бірі. Бұл үдерісте
жасушадағы ДНҚ-ның бірақ рет еселенеді де кейін екі рет бөлінеді.
Мейоздың бірінші бөлінуінің профазасында транскрипция белсенді өтеді
және гомологты хромосомалар арасында алмасу (кроссинговер) яғни
генетикалық материалдың рекомбинациясы жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: