1. Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
- жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ
репликациясына дайындық;
- митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады;
- цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық
негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді;
- РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады,
көлемі ұлғаяды;
- екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі);
- жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты
(2с).
2. Синтездік кезең S:
- ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену)
редупликациясы жүреді;
- ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда
ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен
байланысады;
Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері
тетраплоидты болады (2п, 4с).
3. Постсинтездік кезең G
2
:
- жасуша бөлінуге даярланады;
- жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып,
арнайы ақуыздар синтезделеді.
Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған
жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ
молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G
2
аяқталысымен жасуша
митозға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: