3. «Тәрбие жұмысы» ұғымы, көптүрлілігі және жүйелілігі
Ақыл-ой тәрбиесі қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігінен білім алу қажеттілігінің дамуымен, тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамытумен, интеллектуалды, көптілді мәдениет, ой-қызметі мәдениеті саласында ойлау қабілетін, оқутанымдық қызметінің функционалдық сауаттылық, компьютерлік сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.
Адамгершілік тәрбиесі – жеке тұлғаның қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал етуі.
Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі. Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды қалыптастыруға тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады