Сабақтың тақырыбы: «Киізден жүзім жасау»



Дата16.05.2023
өлшемі22,84 Kb.
#93817
түріСабақ



Сабақтың тақырыбы: «Киізден жүзім жасау»
Сабақтың мақсаты: киізден жүзім жасауды үйрету.
Білімділік:Оқушыларға жалпы жүннен жасалатын бұйымдарымен таныстыру,жасалу технологиясынүйрету, шеберлік арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білу деңгейін арттыру;
Дамытушылық:Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыларды тарихи мұраны қадірлеуге тәрбиелей отырып, ұлттық өнерді қастерлеу, дәстүрді сақтау, экологиялы қ таза материалдардан бұйымжасаудағы шығармашылық іс – әрекеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке шеберлікке, іскерлікке,икемділікке эстетикалық тәрбие беру, шығармашылыққа баулу.
Міндеті: Қолөнер туралыбілімінтереңдету, жасалған бұйымды жаңа дизайн мен сәндік қолданбалы өнер талаптарына сай сәндеуге үйрету.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ, практикалық жұмыс.
Сабақтың әдісі:Жобалау әдісі
Сабақтың өткізу түрі:Топпен жұмыс.
Көрнекілігі:слайд,суреттер, дайын бұйымдар, нақыл сөздер, шамалы көлемде түрлі түсті киіз т.б.
Құрал-жабдықтар:түрлі түсті киіз, қайшы, ине, желім, т.б.
Пәнаралық байланыс:өнер, сурет, тарих,биология
1. Сабақтыңбарысы:
Қыздар мен сендердібүгінгі сабақтакөргенімеқуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Щеңбер болып тұрайық жылыжүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Әр халықтың тарихын, мәдениетін, сипаттайтын асақадірлі мұраларының бірі – халыққолөнері.Қазақтың қолөнері әлемдік деңгейде талайды тамсандырып келеді.


Атадан балаға мирасбола отырып, күні бүгінге дейін жеткен асыл дүниелер кімді де болса бей-жай қалдырмайды. Бұл біздің ұлттық байлығымыз. Оны білу, үйрену, құрметтеу, келешекке жеткізу біздің қасиетті борышымыз.Сондықтан да қолөнер үйірмесінің мақсаты – халқымыздың қолөнерін игеру, оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесіне пайдалана білу болып табылады.
2. Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтар



  • Жүннентағы да басқақандайбұйымдаржасалады?

  • Киізтуралынебілесіңдер?

  • Бүгінгісабақтақандайжұмыстурінүйренеміз?




  • Жүнқандаймалданалынады?

  • Еңалғашадамдарқойжүнінқалайпайдаланды?

  • Жұмысбарысындақандайқауіпсіздікережесінесте

  • сақтаукерек?



Қауіпсіздік ереже:

  • Қайшынысабыменұсынукерек.

  • Қайшыныңұшынсабыменкөтерме.

  • Өтпейтінқайшыменжұмысістемеукерек.

  • Иненіауызғасалуғаболмайды.

  • Киізбен жұмысжасағанкезде,желімгеабай болу керек.

  • Қайшынықайшыламаукерек.

  • Қайжұмыстыбастасақ та ерінбей,жалықпай, таза, ұқыпты, әдеміетіп, жасауымызқажет.

3. Жаңасабақ.
Ал, балалар, бүгінгі өтетінжаңасабағымыздыңтақырыбы: «Киізден жүзім жасау».

Қазіргікезде киіз бұйымдары қауыр т өркендеуүстінде, шеберлер бұйымды жасауда өте кең ауқымды киізді пайдаланады. Қазіргі заманғы әр түрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі маталарды –жібек, мақта, тоқыма заттарды уйлестіре отырып, нағыз өнержауһарларын жасап жур. Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезіктер мен белдіктер, сөмкелер, әмияндар, ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті етіктер дебар.


Балалар, біз қазір дайын киіз яғни жүннен жүзім жасаймыз ,
Сулы басу арқылы жүзім жасаймыз,


4. Практикалық жұмыс.

Киізден жүзім жасаймыз, дайын киіз яғни жүннен жүзім жасаймыз, жасыл түсті жүнді қиып ,түтіп дайындап аламыз, жапырақтарын жасыл түсті фетрден қиып дайындап аламыз, дайын киізімізді сабын сумен біріктіріп қолымызбен дөңгелете отырып құрт


Тәріздес етіп бірнешесін жасап шығамыз, дайын дөңгелектерді бір-біріне қосып, кептіріп жүзімді тігіп шығамыз.


Сергіту сәт

Жоғары қарап күн көрдім,


Темен қарап жер көрдім.


Оңды-соңды бағдарлап,


Егеменді ел көрдім.


5. Қорытынды:

Міне, балалар, біздіңжасаған жұмыстарымыздың барлығы еңбектің арқасында ғана нәтижеге жеттік деп ойлаймын. Қашанда әдемі, әсем талғаммен киіне біліңіздер, тәніңізбен бірге жаныңыз да сұлу болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, сабаққа қатысып, өз халқымыздың қолөнері туралы оқыған, білген, тергендеріңізбен бізбен бөліскендеріңізге көп-көп рахмет.


Әжеммененанадан, мирасболғанбұлөнер,

Келешектетапсынжалғас – асылмұрақолөнер.


Ғажайыпқойбұлкүнде, үйренебілгенпендеге,


Береміз жасаған гүлімізді сыйқылып, бізсіздерге.



Төлеби аудандының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
«Төлеби аудандық оқушылар үйі» МКҚК

Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Киізден жүзім жасау»


«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі:
Алмуратова Л. О.


2021ж-2022ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет