Сабақ Тақырып: Тығыз талшықты дәнекер тін. Арнайы қасиеттері бар дәнекер тіні


-сызба. Дәнекер тіндерінің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата05.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#79465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10ПС гисто

1-сызба. Дәнекер тіндерінің жіктелуі


Пішінделмеген 
тіндік типке талшықтардың ретсіз 
орналасуы тән (мысалы, терінің дермисі). Тіндердің 
пішінделген
түрінде талшықтардың орналасуы қатаң 
түрде реттелген және әр жағдайда берілген мүшенің 
жұмыс істеу жағдайларына сәйкес келеді (сіңірлер,
байламдар, фиброздық мембраналар).
Аралас тип
,
әдетте, тығыз дәнекер тіннің талшықты элементтерінің 
ауыспалы бағыттары бар қабатты құрылымға (қасаң
қабық, склера) ие.


Сіңір
(tendo).
Ол параллель орналасқан коллаген талшықтарының тығыз, тығыз оралған 
параллель будаларынан тұрады. Бұл будалардың арасында фиброциттер және 
аздаған фибробласттар мен негізгі аморфты зат бар. Фиброциттердің нәзік
табақшалы өсінділері талшықтардың байламдары арасындағы кеңістіктерге еніп, 
олармен тығыз байланыста болады. Іргелес будалардың фиброциттер қатарымен 
шектеліп тұрған коллаген талшықтарының әрбір байламы бірінші ретті буда деп 
аталады. Борпылдақ дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған бірінші ретті 
бірнеше будалар екінші ретті будаларды құрайды. Екінші ретті будаларды
қоршайтын борпылдақ дәнекер тіннің қабаттары эндотеноний деп аталады. Екінші 
ретті будалар борпылдақ дәнекер тіннің қалың қабаттары перитенониймен
қоршалған үшінші ретті будаларды құрайды. Кейде сіңірдің өзі үшінші реттік буда
болып табылады. Үлкен сіңірлерде төртінші ретті будалар болуы мүмкін.
Перитеноний мен эндотенонийде сіңірді, нервтерді қоректендіретін қан
тамырлары бар, орталық нерв жүйесіне сіңір ұлпасының тартылу күйі туралы 
сигналдар жіберетін проприоцептивті нерв ұштары бар.


Байламдар (жалғамалар)
сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын, 
сіңірлерге ұқсас құрылған анатомиялық құрылымдар. Бірақ
байламдарда коллаген талшықтарының орналасуы ретсіздеу болады.
Сонымен қатар кейбір байламдардың (желке байламы, дауыс және
омыртқаның сары байламдары) құрамында эластикалық талшықты
будалардың мөлшері басым болады. Олардың арасында коллагенді
талшықтар мен фиброцит қатарларының қабатшалары өтеді.
Желке байламы( выйная связка) тығыз дәнекер тіннің қалыптасқан
түріне жатады, тек ол қалың эластикалық талшықтардан түзіледі.
Сүйектерді бекіту нүктелеріндегі кейбір сіңірлер екі талшықты
дәнекер тіндік қабықшадан (қынаптан) тұрғызылған қынаппен
қоршалған, олардың арасында гиалурон қышқылына бай сұйықтық
(майлағыш) бар.


Фиброздық мембраналар.
Тығыз дәнекер тіннен тұрғызылған бұл құрылымдарға фасция, апоневроздар, 
диафрагманың сіңір орталықтары, кейбір мүшелердің капсулалары, қатты ми
қабығы, склера, перихондрия, сүйек қабығы, сонымен қатар аналық без мен 
аталық бездің ақ қабығы және т.с.с. кіреді. Коллаген талшықтарының будалары 
және олардың арасында жатқан фибробласттар мен фиброциттердің белгілі бір 
ретпен бірнеше қабаттасып орналасуына байланысты, фиброзды
мембраналардың созылуы қиын. Әр қабатта коллаген талшықтарының толқын 
тәрізді қисық будасы бір-біріне параллель өтеді, бұл іргелес қабаттардағы
бағытпен сәйкес келмейді (әр түрлі бағытта параллель ұйымдастырылған
дәнекер тін). Талшықтардың жеке будалары бір қабаттан екінші қабатқа өтіп, 
оларды өзара байланыстырады. Периостеум, склера, туника альбугинея, буын 
капсулалары және басқалары сияқты талшықты құрылымдар апоневроздармен 
салыстырғанда коллаген талшығының байламдарының аз мөлшерде 
орналасуымен және эластинді талшықтардың көп болуымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет