Шырышты (іркілдек) дәнекер тіні
(шошқаның кіндігі). Гематоксилин-
эозин. х40.
1-амнион эпителиі, 2- саруыз
қапшығының қалдықтары, 3- артериялар,
4-аллантоистың қалдығы, 5- вена, 6-
шырышты дәнекер тіні (вартонов іркілдек
заты).
Бақылау сұрақтары
1. Тығыз талшықты дәнекер тін. Жалпы сипаттама. Құрылысы.
2.Жіктелуі және қызметі.
3.Сіңір құрылымы, қызметі,орналасуын атаңыз.
4.Фиброздық мембраналардың, байламдардың ерекшеліктері
неде?
5.Арнайы қасиеттері бар тіндердің басқа тіндерден
айырмашылығы.
6. Ретикулярлы тін, құрылысы, маңызы және қызметі.
7. Май тіні, оның түрлері, құрылымы және маңызы.
8. Шырышты тін, құрылымы және маңызы.
Жағдаяттық тапсырма
№1
Тәжірибелік жануарға коллаген талшықтарының
түзілуін бұзатын зат (латироген) енгізілді. Сіңірлердің
механикалық қасиеттері қалай өзгереді?
№ 2. Қан түзу мүшелерінің стромасын құрайтын тін
жасушаларында (бадамша бездер, қызыл сүйек кемігі,
лимфа түйіндері, көкбауыр) трансляция процестері
шартты тәжірибеде тежелген. Оның құрылымында
қандай салдарлар пайда болады? Бұл тінді атаңыз.
№3
Сіңірде коллаген талшықтары бір бағытта, ал терінің
торлы қабатында - әр түрлі бағытта орналасады. Мұны
қалай түсіндіруге болады?
№4
Қызыл сүйек кемігінің негізін өсінді (тармақталған)
жасушалар және олардың арасында орналасқан
жасушааралық зат құрайды. Ол қандай тіннен түзілген?
Жасушааралық заттың морфологиялық құрамы қандай?
№11 Практикалық сабақ
Тақырыбы:
Сүйек тіндері
Достарыңызбен бөлісу: |