Сабаққа дайындалу үшін білім алушыға арналған тапсырма
1
Тақырып 1. Философияның пәні, қызметтері және міндеттері
1. Философияның пәні. Философиялау немесе философиямен шұғылданудың мәні.
2. Дүниетаным ұғымы. Миф, дін және философия арақатынасы. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
3. Философия бөлімдерінің қысқаша сипаттамалары. Философияның негізгі бағыттары, зерттеу әдістері және атқаратын қызметтері.
4. Cыни ойлау – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
Тақырып 2. Философияның пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері
1. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясындағы онтология, гносеология, логика, этика және әлеуметтік философия мәселелері. Негізгі бағыттар мен философиялық мектептер.
2. Көне Грек философиясының даму кезеңдері. Платон мен Аристотельдің философиялық жүйелері.
3. Ортағасырлардан Неміс классикалық философиясына дейін: теоцентризм, ақыл мен сенім бірлігі, антропоцентризм, гуманизм, трансцендентальды сыни философия, диалектика, антропологиялық материализм.
4. Қазіргі заман философиясының плюралистік сипаты: сан түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардың пайда болуы. Рационализм және иррационализм, сциентизм және антисциентизм. Философияның міндетін жаңаша айқындау.