Сабақ талдау отырысының хаттамасы №3 орта мектебі жыл Күн тәртібінде



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі20,05 Kb.
#114128
түріСабақ
1   2   3   4
Ашық сабақ талдау отырысының
ХАТТАМАСЫ

3 орта мектебі «___» _____ ______жыл


Күн тәртібінде:

Математика пәнінің мұғалімі Садықова Кунсулу 5 «Ә» сыныбында «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында өткен ашық сабақтың өтілу деңгейі.




Тыңдалды:
Математика пәнінің мұғалімі Садықова Кунсулу «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткенің айтты. Сабақтын мақсатымен таныстырғанын айтты. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын қойғаның айтты. Жұптық, топтық, жеке жұмыстар балғанын айтты.
Жарыс сөз:
Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Нұргул Құлымбетова сөз алды. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика»- Михаил Ломоносовтың сөзі мен сабақты бастады. Смайликтер арқылы ондық бөлшек, натурал сандар деп оқушыларды екі топқа бөлді. «Көршінді тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексертті «TAPSIA» әдісі арқылы топтық жұмыс орындатты. Тақтамен дәптермен жұмыс болды. Оқушылар рефлексия жасауда қиналады. Оқушылар белсенді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дуйсекова Айнұр сөз алды. Ол өз сөзінде сабақтың құрылымы жақсы құрылғаның айтты. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын, сабақ мақсатын таныстырды. Мұғалім оқушыларды жақсы көреді. Сабақ барысында жұптық, топтық, жеке жұмыс тапсырмалары оқушылар деңгейіне сай алған. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Оқушылар ойларын еркін жеткізді. Мұғалім жас маман болғандықтан әлі ізденіс керек екендігін айтты.
Ұсыныс:



Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Жайлыбаева
Хатшы: Қ.Ушқараева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет