Сабақ талдау отырысының хаттамасы №3 орта мектебі жыл Күн тәртібінде



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі20,05 Kb.
#114128
түріСабақ
1   2   3   4
Ашық сабақ талдау отырысының
ХАТТАМАСЫ

3 орта мектебі «___» _____ ______жыл


Күн тәртібінде:

Информатика пәнінің мұғалімі Дабылбай Бақдәулет 6 «А» сыныбында «Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері» тақырыбында өткен ашық сабақтың өтілу деңгейі.




Тыңдалды:
Информатика пәнінің мұғалімі «Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткенің айтты. Оқушылармен смайликтер арқылы амандасқаның айтты. Қима қағаздар арқылы оқушыларды екі топқа бөлгенін айтты. Сабақтың басында үй тапсырмасын сұрауда «Пазл» әдісі арқыл өткен тақырыпты шолу жасағаның айтты. Сабақта өз мақсатына жеткенін айтты.
Жарыс сөз:
Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Нұргул Құлымбетова сөз алды. Ол өз сөзінде ұйымдастыру кезеңі болғаннын айтты. Психологиялық жағдай болды. Пазл әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасады. Қима қағаздар арқылы оқушыларды екі топқа бөлді. Пазлды құрастыру арқылы жаңа сабақты ашты. Жаңа сабақты слайдпен, программамен түсіндірді. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Оқушылар компютермен өздері есеп жауаптарын сәйкестендірді. «Барабан» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. Сабақтын ортасында нейрогимнастика әдісі арқылы сергіту сәттін ұйымдастырды. Бүгінгі сабақта не түсіндім?, не үйрендім?, не білдім? сұрақтары арқылы оқушылардан кері байланыс алды. Сабақтың соңында оқушыларды бағалады. Үйге тапсырма берілді. Сабағы көтерінкі көңілде өтті.
Жаратылыстану бірлесігінің жетекшісі Айгул Жайлыбаева сөз алды. Ол өз сөзінде сабақтың құрылымы жақсы құрылғаның айтты. Мұғалім баяу қыймылдайды, баяу сөйлейді. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын, сабақ мақсатын таныстырды. Мұғалім жас маман болғандықтан әлі ізденіс керек екендігін айтты.
Биология пәнінің мұғалімі Жылқыбаева Аяужан сөз алды. Ол өз сөзінде жұптық, топтық, жеке жұмыс тапсырмалары оқушылар деңгейіне сай алғанын айтты. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Оқушылар ойларын еркін жеткізді.
Ұсыныс:



Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Жайлыбаева
Хатшы: Қ.Ушқараева




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет