Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар



бет2/5
Дата11.10.2023
өлшемі26,94 Kb.
#113590
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1608024955 1 (1)

Сабақты өзіндік талдау
Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар:

  • Талданып жатқан сабақтың оқытылып жатқан тақырыпта алатын орны;

  • Сабақ мақсаты мен міндеттерін негіздеу, жоспарланған іс-әрекеттердің орындалу деңгейі;

  • Сыныпқа мінездеме беріп, қолданылған оқу материалдарын таңдау себебін түсіндіру;

  • Оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне педагогикалық, психологиялық баға беру, оқушылардың сабақтағы өзбетінше ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіру, осы тәсілдердің сабақ мақсатына, құрылымына, қойылға білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкестігін дәлелдеу;

  • Мұғалімнің сабаққа (оның кезеңдеріне) қанағаттануы немесе қанағаттанбауы. Аталған кемшіліктерді жою жолында іске асырылатын іс-шаралар, сабақта қол жеткізген жағымды нәтижелерге баға беру, түсіндіру.

Өзін-өзі талдау – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің бір шарты.
Сабақты тексерушінің талдауы
Сабақ мақсаттарын талдау. Оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына, сыныптың дайындығына баға беру. Сабақ идеясының қойылуы мен оқушы санасына жеткізе алуы. Сабақ мақсатына жету деңгейі.
Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау. Сабақ құрылымының мақсатына сәйкестігі. Сабақ түрінің, құрылымының, логикалық жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығының ойластырылғандығы. Уақытты үнемдеп қолдануы. Оқыту түрлерінің тиімділігі. Сабақ жоспарының болуы және мұғалімнің оны орындауды ұйымдастыруы. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен құралдар. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру
Сабақ мазмұнын талдау. Сабақ мазмұнының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкестігі. Баяндаудың толықтылығы, нақтылығы, түсініктілігі, ғылымилығы. Сабақтың тәрбиелік бағыты, адамгершілік ықпалының деңгейі. Сабақтың (тақырыптың, курстың) негізгі идеяларының айналымға түсуі. Сабақтың политехникалық бағыттылығы, өмірмен, кәсіби тәрбиемен, еңбекпен байланысы. Танымдық қызығушылық пен өзіндік ойлауды дамыту жолындағы белсенді оқу әрекетін қалыптастыру мақсатындағы сабақтың дамыту мүмкіндіктерін іске асыру. Оқушылардың жаңа білімді қабылдамауы. Жаңа материалдың негізгі идеясын нақтылау. Жаңа түсініктер қалыптастыру. Тіректі білімдерін жаңғырту.
Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Бекіту жаттығуларының мінездемесі, өзбетінше жұмыс түрлері, қиындық деңгейі, көпнұсқалылығы, сынып оқушыларының дайындық деңгейін ескеру. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі мен көмегі. Жаңа материалды игеру деңгейі (қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі). Жаңа тақырыптың өткен тақырыптармен байланысы. Қайталау (ұйымдастырылуы, түрі, әдіс-тәсілдері, көлемі).
Сабақты өткізу әдісін талдау. Сабақ беру әдістерін, тәсілдерін, көрнекіліктері мен құралдарының дұрыс таңдалуын, негізділігін; олардың оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне сәйкестігін, сабақтың әдістемелік аппаратының әр кезеңіне сайлығын, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін анықтау. Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі эмоциялылығы. Таратпалы дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды қолданудың тиімділігі. Мұғалімдің әдістемелік жағынан қаруланғандығы мен педагогикалық техникасын бағалау.
Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау. Сынып жұмысына жалпы баға беру. Зейіні мен тәртібі. Пәнге деген қызығушылығы. Сыныптың белсенділігі, оқушылардың сабақтың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі. Оқушының өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың оқу әрекетінің тиімді әдістерінің іске асуы. Қолданылған оқу әрекеті түрлерінің тиімділігі мен орындылығы. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жалпыға ортақ талаптарды орындауы. Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмыс. Ұжымдық және жеке жұмыстарды біріктіру. Сыныптың тәртіптілігі және тәртіпті сақтау тәсілдері. Қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің педагогикалық такт пен нормаларды ұстануы, мұғалімнің осы сыныпта ұйымдастырған моральдік-психологиялық ахуалына баға беру. Білім, білік, дағдыларының сапасы. 1. Білімдерінің беріктілігі, тереңдігі, нақтылығы. 2. Сабақ материалынан негізгі ойды анықтай алуы, алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдана алуы, оның негізінде өздігінен білімін тереңдете алуы. 3. Тәжірибелік дағдыларды игеру деңгейі. Мұғалімнің оқушы білімін тексеруі. Тексеру түрлері. Қойылған бағаның шынайылығы, саны, түсіндірілуі, қызықтырушылық, тәрбиелік мәні.
Оқушылардың алған үй тапсырмасын талдау. Мақсаты, көлемі. Сыныпта орындалған жұмыс пен үйге берілген тапсырма көлемдерін салыстыру. Үйге берілген тапсырма түрі (шығармашылық, бекіту, дамыту, қайталау), оның орындауға оңайлығы. Мұғалімнің үйге берілген тапсырманы түсіндіруі.
Сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайн бағалау.
Мұғалімнің тексеруші сұрақтарына жауап беру барысында өзіндік талдауына баға беру, түйіндеу.
Сабақтың оқу-тәрбие мақсаттарына жету деңгейін бағалау. Сабақтың нәтижесін жалпы бағалау: мұғалімнің білім беру әрекетінің тиімділігі; білім, білік, дағды сапасы; олардың дамуы мен тәрбиелілігіндегі өзгерістер. Сабақ жетістіктері мінездемесінің дәлелділігі.
Талданып, мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде қолдануға тұрарлық шығармашылық элементтер.
Сабақ кемшіліктері. Олардың дамуындағы өзгерістер мен себептерінің диагностикасы.
Қорытындылар мен бағалардың ғылыми негізіділігі, психология, педагогика ғылымдарының жетістіктеріне, озық педагогикалық тәжірибеге сүйену. Қорытындылар мен ұсыныстардың нақтылығы, дәлелділігі, нанымдылығы.
Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар.
Жасалғаған қорытындылар мен берілген ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар беру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұғаліммен сұхбаттасу стилі. Мұғаліммен тілдесу барысында тілектестік, құрмет пен әдептілік (тактичность), жағымды жақтарына сүйену. Мұғалімнің жеке ерекшеліктерін ескеру: мінезін, қызметінің мазасыздығын, өтілін, педагогикалық іскерлік дәрежесін, жалпы ой өрісін, педагогикалық білімдарлығын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет