Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар


Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері



бет3/5
Дата11.10.2023
өлшемі26,94 Kb.
#113590
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1608024955 1 (1)

Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері

1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;


2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;
3 – жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;
4 – толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;
5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау; 6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;
7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);
8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);
9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру. Сабақ аспектілерінің мысалдары:

  • Мұғалімнің сабақтың үш мақсатын (міндетін) іске асыруы;

  • Сабақта дамытушылық тәсілдерді қолдануы;

  • Оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру әдістерін зерделеу;

  • Танымдық қызығушылықты дамыту жолдары;

  • Оқушылардың жалпы білімділік әдістері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;

  • Сабақта проблемалық білім беруді ұйымдастыруы, т.б.

10 – комплексті талдау – сабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау (көбіне түгел сабақ жүйесін).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет