Сүйікті жемістер Топқа бөліну үшін жемістердің атауы немесе суреті ұсынылады.
Осылай «Тәулік уақыты», «Жыл мезгілдері» деп те топтастыруға болады.
Ән бойынша бөліну Оқушыларға өздері жақсы білетін бір әндердің қайрмасы мен шумағы қимқағаздар арқылы таратылып беріледі. Сол ән бойынша топтастырылады. Кейін өздері құрастырған әнді шырқайды.
«Қала таңдау» Қала аттары тақтаға жазылады. Әр оқушы өз атын бір қаланың тұсына жазады.
Гүл, көлік, спорт атаулары бойынша да осылай бөлуге болады.
«Заттар бойынша бөлу» Әр оқушы өзінің ұсақ затын ортақ себетке салады. Мұғалім бұл заттарыды әр партаға бөліп қояды. Кімнің заты қай партада оқушы сол топқа жиналады.
«Поэзиялық бөлініс» Оқушыларға өздері білетін бір өлеңнің жолдары қимақағаздар арқылы үлестіріледі. Оқушылар өлеңнің шумақтарын құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
«Шырша бездендіру» Оқушыларғатүрлі –түсті шырша ойыншықтары таратылып беріледі. Қанша топ болса сонша шырша жасалынып, әр шыршаның төбесіне белгеле бір түстегі жұлдызша ілінеді. Оқушылар қолдарындағы ойыншықтың түсін жұлдыздың түсімен сәйкестендіре отырып топтаады.
«Сөз құрастыру» Топтың санына байланысты белгілі бір түрлі-түсті бояумен жазылған сөздерді дайндар, әріптерге бөліп оқушыларға таратып береді. Оқушы әріпінің түсіне қарай топтасады. Сөз құрастырады. Сол топтың атаы болады.