Жауабы:Пысықтауыш
16. Дерексіз зат есімге мысал келтір
Жауабы:Сана,сезім,ой,ақыл
17. Сан есімнің мағыналық түрі нешеу?
Жауабы:6
18. Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
Жауабы:Қатыстық,сапалық
19. Түбір тұлғасын өзгертіп біріккен сөздер қалай аталады?
Жауабы:Кіріккен сөздер
20. Белгісіздік есімдігіне мысал келтір
Жауабы:Біреу,әлдекім,кейбіреу
2-НҰСҚА 1. Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай етістіктің түрлері
Жауабы:Болымды және болымсыз
2. Сана, шеш сөздері етістіктің мағынасына қарай қай түріне жатады?
Жауабы:Сабақты етістік
3. Негізгі етістік дегеніміз не?
Жауабы:Өзіндік лексикалық мағынасы бар, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алатын немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін білдіріп тұратын етістіктер.
4. Қосарлы етістіктерге мысал келтір
Жауабы:Алдап-сулау,шаршап-шалдығу
5. Тұйық етістік дегеніміз не және мысал келтір
Жауабы:Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у. жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйлес-у, кел- ме-у, бөге-ме-у.
6. «Оны көптен көрмегендей құшақтаса амандасты» сөйлемдегі етіс түрі
Жауабы:Ортақ етіс
7. Қалау райдың жасалу жолдары
Жауабы:1) –ғы, -гі
2) –ғай, -гей, -қай, -кей
3)-са, -се+ игі еді
8. «Әңгімені олар бірінші бастасын» сөйлем қай райда тұр?
Жауабы:Бұйрық рай
9. «Мен бұрын киноға жиі баратынмын» сөйлем қай шақта тұр?
Жауабы:Ауыспалы өткен шақ
10. «Мен жолдасыма хатты ертең жазамын» сөйлем қай шақта тұр?
Жауабы:Ауыспалы келер шақ
11. Есімшенің жұрнақтарын ата
Жауабы:1) -ған, -ген, -қан, -кен
2) -ар, -ер, -р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін –с
3) -атын, -етін, -йтын, -йтін
4) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
12. Көсемшенің жұрнақтарын ата
Жауабы:1) -а, -е, -й
2) –ып, -іп, -п
3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
4) –ғанша,-генше,-қанша,-кенше
5) –майынша,-мейінше
13. «Мен биыл бітіремін» етістіктің сөйлемдегі қызметі