«ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ПРОПОРЦИЯЛАР» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып : Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері
пропорционалдық тәуелділік Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Масштаб.
Шеңбердің ұзындығы. Дӛңгелектің ауданы. Шар. Сфера
Оқу мақсаты: 6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану
6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару
6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бӛлу
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану.
Орындау уақыты: 25 минут
І нұсқа 1. 3,7 : 23 = 7,4 : 46 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болатынын табыңыз және оларды жазыңыз. [2]
2. 48 кг картоптан 9,6 кг крахмал алынады. 57 кг картоптан неше килограмм крахмал алынады? [3]
3. Велосипед доңғалағының диаметрі 50 см. Велосипед доңғалағы 30 айналым жасағанда неше метр жол жүреді? Мұндағы [3]
4. Жер бетіндегі 230 км арақашықтық картада 4,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз. [4]